Орталық туралы

ҮЕҰ Сараптама орталығы Қазақстандағы «Шеврон» корпорациясының қолдауымен «Қазақстанда азаматтық қоғамның әлеуетін дамыту жөніндегі бастама» жобасының аясында ХБА базасында құрылды.


Сараптама Орталығының қызметі сарапшылармен 2012 жылдың наурыз-сәуір айларында өткізілген Қажеттіліктерді бағалау нәтижелері негізінде әзірленді.


Сараптама Орталығын құру мақсаты: барынша сапалы қызметтерді көрсету және халықтың мүдделерін қорғау үшін азаматтық сектордың әлеуетін күшейту.


Орталықтың негізгі қызметі мыналарға бағытталған:

- ҮЕҰ институционалдық дамуына қатысты материалдарды жинау, бейімдеу және әзірлеу.

- Ұйымдастырушылық даму, үкіметтік емес ұйымдардың менеджменті, ҮЕҰ қызметкерлерін, сарапшыларын, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің, бизнес құрылымдардың өкілдерін қосқанда, Орталықтың клиенттеріне жобаларды басқару бойынша тренингтер өткізу және кеңестер беру.

- Орталықтың веб-сайты арқылы клиенттерге мемлекеттік және орыс тілдерінде әдістемелік материалдарға қол жеткізуге мүмкіндік беру.


2012
жылы Орталық ҮЕҰ саласындағы тренерлер мен кеңесшілерді дайындау бойынша жұмыстар атқарды. 2013 жылдың қаңтар айында ҮЕҰ Сараптама Орталығы ҮЕҰ институционалдық дамыту жөніндегі білім мен ақпараттың қарқынды дамып келе жатқан қайнар көзіне айналады және оның қызметіне ҮЕҰ өкілдері, сонымен қатар басқа тараптар жүгінетін болады деп күтілуде.

18.03.17
05.03.17
24.02.17
Мекен-жайы: 050000, Алматы қ
Розыбакиев к-сі, 227, 405 каб.

Тел.: + 7 (727) 302 23 02
Email: ngo@ef-ca.org
Copyright © 2012 . All Rights Reserved.