Жаңалықтар
24.02.2017
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Кәсіпкерлерге арналған әлеуметтік гранттар» қайырымдылық жобасын іске қосады. Жобаның әкімшісі «Шарапат» мүгедек жастар ұйымы» Қоғамдық бірлестігі.

Жобаның мақсаты Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдардың кәсіпкерлік қызметін іске қосу және жүргізуге қолайлы жағдайлар туғызу болып табылады.

500 000 (бес жүз мың) теңге сомадан аспайтын қайтарылмайтын гранттар бизнесті дамытуға және қолдауға бөлінеді. Конкурс қатысушылары мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер бола алады.

Өтінімдер 2017 жылдың 27 ақпанынан бастап, 2017 жылдың 12 сәуіріне дейін (қоса алғанда) қабылданады. 2017 жылдың 12 сәуірінен кейін түскен өтінімдер қаралмайды.

Өтінімдер нысанының үлгісі, оны толтыру тәртібі және құжаттар тізімін «Шарапат» мүгедек жастар ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің ресми сайтынан www.moi-sharapat.kz жүктеп алуға болады.

Жобаға қатысу үшін өтінім нысанын қазақ немесе орыс тілдерінде үлгіге сәйкес толтыру қажет және құжаттардың сканерден өткізілген нұсқаларын электронды поштаға grantsharapat@gmail.com немесе толтырылған өтінім мен құжаттар пакетін қағаз тасымалдағышта мына мекенжай бойынша: 050004, Алматы қ., Гоголь көш. 111, 627 кеңсеге жолдау қажет.

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:

+7 771 762 4600, +7 705 262 2433, +7 727 296-98-96

«« | »» « Назад | Барлық жаңалықтар
Последние новости

18.03.17
05.03.17
24.02.17
Мекен-жайы: 050000, Алматы қ
Розыбакиев к-сі, 227, 405 каб.

Тел.: + 7 (727) 302 23 02
Email: ngo@ef-ca.org
Copyright © 2012 . All Rights Reserved.