Жаңалықтар
18.03.2017
Билегім келеді!

Алматы қ., 2017 жылы 30 наурызда сағат 18-30-да, Республикалық Ұйғыр театрының концерт залында «Жүректен - жүрекке» атты қайырымдылық концерті өтеді. Ұйымдастырушысы – «Reliance» (Сенім) Қоғамдық Қоры.

Барлық бала билегенді жақсы көреді. Және мүмкіншіліктің шектеулігі бұған бөгет бола алмайды. Сондықтан, серіктестің біреуі арбаға таңылған спорттық би түрі танымалдыққа ие болуда. Балалар белсенділікпен билеп үйренуде, ұстаздармен дайындықтар өткізіліп, байқаулар ұйымдастырылуда. Дегенмен, бір бөгет бар – жәй арбалардан жылдамдығымен, жеңілдігімен және қимылға икемділігімен ерекшеленетін арнайы арбалар қажет.

Өкінішке орай, ата-аналар балаларына мұндай арба алып беруге шамалары жетпейді. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың көбі толық емес жанұяларда, интернаттарда, балалар үйінде өсіп жатыр, сол себепті биге деген армандарына көбіне қол жеткізе алмайды. Алайда балалық шақ бақытты болуы керек емес пе! Ендеше, мұқтаж балаларға қол ұшын созайық-та! – дейді «Reliance» (Сенім) Қоғамдық Қорының директоры Сәуле Алпысова.

Қайырымдылық концерттің мақсаты – билегісі келетін мүмкіншіліктері шектеулі жас өспірімдер мен балаларды қолдау. Концерттен түсетін қаражат спорттық бимен шұғылданып жүрген Көкшетау қаласының балалар үйінің тәрбиеленушісі Шавуляк Ульяна Ивановнаға, Ақтөбе қаласынан Марат Сейтімовке, Астана қаласынан Омар Тұрашевқа мүгедектерге арналған арба алуға және оңалту орталығын спорттық жабдықпен қамтамасыз етуге жұмсалады.

Қайырымдылық акцияға қолдау көрсетуші эстрада жұлдыздары: группа «Mysterions», группа «Меломен», Меруерт Мусрали, группа «ST Brothers», группа «Каусар», группа «Mezzo», группа «Арнау», Кентал, Ayree, группа «BN», The Kitchen Songs, Alimi, Данияр Сагиндыков, Даурен Сейтжанов, Мирас Киньяров, группа «Vidmen», группа «Асыл» және басқа қонақтар.

«Reliance» ҚҚ 2009 жылдан бері жұмыс жасайды, оның басты қызметі жастар бастамасына қолдау көрсету және азаматтық қоғамның өзекті мәселелерін шешуге бағытталған істер атқару болып табылады.

Аккредитация сұрақтары брйынша мына телефондарға хабарласыңыз: +7707 679 8912; +7701 208 0567; +7747 315 1841.

«« | »» « Назад | Барлық жаңалықтар
Последние новости

18.03.17
05.03.17
24.02.17
Мекен-жайы: 050000, Алматы қ
Розыбакиев к-сі, 227, 405 каб.

Тел.: + 7 (727) 302 23 02
Email: ngo@ef-ca.org
Copyright © 2012 . All Rights Reserved.